Выйти
RU

"Біз енді ата-анамыз": Күйеуімен құшақтасқан Дильназ Ахмадиева елді тәнті етті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Дильназ Ахмадиева желіде жолдасымен құшақтасып түскен суретімен бөлісіп, жанкүйерлерін қуантты. Ортақ фотоларын аса сирек жариялайтын ерлі-зайыптылар балалы болып, нағыз бақытты сезініп жатқанға ұқсайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZl

Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZl

Дильназ Ахмадиева жолдасы екеуінің суреттерін Instagram парақшасында жариялаған. Фотолардың бірінде отағасы оны бетінен сүйіп тұрғанын көруге болады.

Карантин кезінде алғаш рет ата-ана атанған ерлі-зайыптыларға сүйсінген көпшілік оларға деген жылы лебіздерін білдіруде.

"Дильназ сіздер үшін шын қуаныштымын. Махаббаттарыңыз баянды болсын" , "Сондай бақыттысыздар, көрініп тұр. Көз тимесін" , "Балақайларыңыздың қызығын көріп жүре беріңіздер" , "Ата-ана атанғалы езулерінен күлкі кетпей жүр" , "Шын бақытыңызды тапқаныңызға қуаншытымын. Бір жастықта қартаюды нәсіп етсін" , "Сәбилеріңіз көбейе берсін" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Дильназ Ахмадиеваның алғаш рет ана атанғанын хабарлаған болатынбыз. Эстрада жұлдызы мен оның жолдасы ұлды болды.

Сонымен қатар, Дильназ Ахмадиева жақында ғана перзентханадан шыққан сәтіндегі фотосымен бөліскен болатын. Ерлі-зайыптылар баласының түрін әлі көрсеткен жоқ.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Біз енді ата-анамыз": Күйеуімен құшақтасқан Дильназ Ахмадиева елді тәнті етті (фото)