RU

Шымкентте аяусыз соққыға жығылған жігіт көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкентте жаппай төбелестен кейін 17 жастағы жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, комаға түскен еді. Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Саусағында тырнағы болмаған": Шымкентте аяусыз соққыға жығылған жігіт қайтыс болды

Фото: otyrar.kz: UGC

Ведомство 17 жастағы жігіттің 23 мамыр күні шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді.

Медициналық мекемеге түскенде жасөспірімнің жағдайы аса ауыр болған. Ақ халаттылар бас сүйек ішіндегі гематоманы анықтап, оған бас сүйекті трепанациялау жолымен ота жасап, гематоманы жойған.

Комада жатқан жасөспірім дәрігерлер қабылдаған шараларға қарамастан, 1 маусым күні түнгі сағат он екі шамасында қайтыс болған.

Осыған дейін жасөспірімнің жақындары 22 мамыр күні болған оқиғаның мән-жайын баянап берген еді.

Олардың айтуынша, Абзал достарымен серуендеуге шығып, бір топ жігітке кезіккен. Бұрыннан қарым-қатынастары жақсы емес жігіттер арасында тағы текетірес басталып, салдарынан үш жігіт жарақат алған, ал Абзал комаға түскен.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік жайындағы сіз күтпеген фактілер

Ағасының сөзінше, замандастары баланың басын шлакаблокпен ұрған.

"Құлағынан, басынан қан ақты. Саусағында тырнақтары болмады. Аяусыз ұрып кеткен. Інімнің өзі спортшы, 7-8 адам бірігіп ұрған. Бірақ төбелесте адам одан да көп болған", - деді марқұмның ағасы Алмас Ұтқыров.

Жасөспірімнің жанұясы баланы емдеуге елордалық дәрігерлер атсалысуын сұрап, Елжан Біртановқа жүгінген еді. Ведомство басшысы Шымкентке арнайы мамандарды жіберді. Сондай-ақ, Абзалдың жанұясы кінәлілерді заң бойынша жазалауды талап еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте аяусыз соққыға жығылған жігіт көз жұмды