RU

Теміртау қаласының әкімінен коронавирус анықталды

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтен коронавирус анықталды. Қазір шенеунік өз үйінде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртау қаласының әкімінен коронавирус анықталды
Ғалым Әшімов. Фото: Жан Ботанов/liter.kz: UGC

Медицина қызметкерлері қала басшысының диагнозын растады, қазір шенеунік өз үйінде оқшауланған. Теміртау әкімдігінің қызметкерлері де тексеруден өткен.

Әкіммен байланысқан тұлғалардың ПТР-тест сараптамасы теріс нәтиже көрсеткен.

"Ғалым Әшімов қазір үйінде, оның диагнозы расталды. Жағдайы тұрақты, денсаулығына байланысты арыз-шағымы жоқ. Барлық байланысқан тұлғалар тексерілді, диагноздары расталған жоқ. Қазір жағдай бақылауда, әкімдік бұрынғы режимде жұмыс істеп жатыр", - дейді Теміртау әкімдігінен.

Әзірге әкімнің міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқарады.

Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін ғана Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтан коронавирус анықталған еді.

Кейін Надыров өзінің ауруы жеңіл формада өтіп жатқанын әлеуметтік желіде жазған болатын.

Таяуда бұрынғы вице-министр коронавирустан жазылып шықты.

Айта кетейік, күні кеше Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен оның отбасы мүшелерінен де COVID-19 инфекциясы анықталғаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858516-temirtau-kalasyny-kiminen-koronavirus-anyktaldy.html