RU

"Өте ауыр": БҚО-да коронавирус жұқтырған екі жасар баланың жағдайы белгілі болды

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жастағы баланың жағдайы өте ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова нәрестенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын атап өтті. Одан бөлек, медициналық мекемеде аппаратқа қосылған тағы үш адам ауыр халде жатыр.

Қазіргі кезде онда 132 науқас ем алуда.

  • Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде барлығы 376 адам коронавирустан емделіп жатса, 316-сы жазылып шыққан.

Сонымен қатар 20 адам провизорлық, 165 адам карантиндік стационарда жатыр, үйінде оқшауланған 1266 адам дәрігерлердің бақылауында.

Өңірде соңғы тіркелген 27 науқастың екеуі – Ресейде жұмыс істейтін Түркістан облысының тұрғындары екені белгілі болды.

Самара облысымен шектесетін "Сырым" автоөткелінен өткеннен кейін олар карантиндік стационарға жатқызылған. Бұрын коронавирусқа шалдыққандармен қарым-қатынаста болған облыстың 19 тұрғынынан ауру анықталды.

Сонымен қатар алты адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған, олардың екеуі – медицина қызметкерлері.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 11571-ге жетті. Олардың 719-ы Батыс Қазақстан облысында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858527-te-auyr-bko-da-koronavirus-zktyrgan-eki-zasar-balany-zagdajy-belgili-boldy.html