Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Заманбек Нұрқаділовтың мұрағаттағы суреттері пайда болды

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовты есіне алып, оның бұрынғы суреттерімен бөлісті. Мұрағаттық фотоларда белгілі саяаткердің қасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Сара Алпысқызы мен Болат Назарбаевты көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Мақпал Жүнісова өткен күндерін сағынып жүргенге ұқсайды. Өнер иесі Instagram парақшасында Заманбек Нұрқаділовпен бірге барған шараларда түсірілген фотоларын көрсетті.

Марқұм саясаткердің әйелі мұрағаттағы суреттерді өз оқырмандарының назарына паш етті. Онда Нұрқаділовпен бірге Назарбаев отбасының мүшелері де бой көрсеткен.

Мақпал Жүнісова аталмыш фотоларының астына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойған. Өнер иесі жолдасы туралы естеліктерін өте жиі жариялап тұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен түскен суреттерін жариялап, ел жүрегін елжіреткен болатын.

Өткен жылы белгілі саясаткердің дүниеден өткеніне 14 жыл болған. Соған орай, Жүнісова барша ет-жақындарының басын қосып, күйеуінің аруағына құран бағыштаған.

Қазақстанның танымал саясаткері, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдыңі 12 қарашасында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858531-zelide-zamanbek-nrkadilovty-mragattagy-suretteri-pajda-boldy/

pixel