Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кадыров Біріккен Ұлттар Ұйымын АҚШ билігін жазалауға шақырды

Опубликовано:

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Біріккен Ұлттар Ұйымы Америка Құрама Штаттары билігін жазалауы тиіс деген пікірде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кадыров Біріккен Ұлттар Ұйымын АҚШ билігін жазалауға шақырды

Шешен Республикасының басшысы Америкада адам шошырлық жайттар болып жатқанын айтты. Ол әлем жұртшылығы биліктің ешқандай шара қабылдамай жатқанына наразы екенін де түртіп өтті деп жазады РИА Новости.

Ол Біріккен Ұлттар Ұйымынан Америкадағы адамдардың бостандығы мен құқығын бұзудың, соттан тыс адам өмірін қиюдың жалғасуына жол бермеуді сұрады.

Кадыровтың пікірінше, Америкада қазір кінәсіз қайтыс болып жатқан азаматтар бар. Сол себепті, АҚШ билігін жауапқа тарту керек және бұл бассыздықты тоқтату қажет.

Айта кетейік, бүгінде Нью-Йорк, Бостон, Вашингтон, Лос-Анджелес, Детройт және АҚШ-тың көптеген қаласында полицияның қатыгездігіне қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр. Сонымен қатар, көтерілістер Торонтода (Канада) болды.

Мұның барлығына Джордж Флойд есімді афроамерикалық азаматтың полицейлер қолынан қайтыс болғаны себепші болып отыр. Ер адамның қазасы Миннеаполис пен басқа АҚШ қалаларындағы халықты бей-жай қалдырмады.

Тұрғындар көшелерге шығып, бас көтерді. Ал күні кеше АҚШ билігі елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Вашингтон мен Колумбия округына ұлттық гвардияны енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858546-kadyrov-birikken-lttar-jymyn-aks-biligin-zazalauga-sakyrdy/

pixel