RU

Қазақстаннан алған коронавирус анықтамасы шетелде жарай ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Facebook әлеуметтік желісіндегі "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" онлайн эфирінде елімізде жасалған коронавирус анықтамасы шетелде жарамды ма деген сұраққа жауап қайырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Бас санитардың айтуынша, ЕАЭО елдері арасында коронавирус тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы одақ аумағында жарамды деп тану туралы келісім әзірге жоқ..

"Бірақ бас санитар дәрігерлердің кеңесі аясында бұл мәселе көтеріліп, талқыланып жатыр", - деді ол..

Яғни, Қазақстанда ПТР тест тапсырып, инфекция табылмағаны туралы анықтама алып, Ресейге барсаңыз, көрші елде бұл қағаздың ешбір күші болмай қалады.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Армения мүше.

Тағы да оқыңыздар

Аша Матай фильмографиясы: Актриса қандай фильмдерге түсті?

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде блок-бекеттер алынып, дәмхана мен мейрамханалар ашылғанымен, әзірге той-томалақ өткізуге рұқсат берілмейтінін мәлім етті.

Есмағамбетова тыйымның алынуы елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық тікелей ахуалға байланысты екенін айтты.

Ол дәмхана-мейрамханаларға тіпті 20-30 адам да шақыруға рұқсат болмайтынын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстаннан алған коронавирус анықтамасы шетелде жарай ма