Выйти
RU

Петропавлда өз итін терезеден лақтырып өлтірген әйел көршілерін шошытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Петропавлда өзінің итін төртінші қабаттан лақтырған әйел айыппұл төлейтін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Петропавлда өз итін терезеден лақтырып өлтірген әйел көршілерін шошытты

Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 сәуір күні болған.

Петропавлдың 45 жастағы тұрғыны үй жануарын төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген.

Әйелдің сорақы қылығын көрген көршілері бірден полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары Хименко көшесіндегі көпқабатты үйдің жанында жатқан итті дереу ветеринарларға жеткізгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмапты.

«Жануарларға қиянат жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Иттің иесі – 45 жастағы әйел сол күні мас болған. 1 маусым күні Петропавл қалалық соты оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Бұл - шамамен 27 мың теңге.
Айыппұлды бір айдың ішінде төлемеген жағдайда әйел қоғамдық жұмыстарға жегіледі немесе қамауға алынады», - деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Петропавлда өз итін терезеден лақтырып өлтірген әйел көршілерін шошытты