Выйти
RU

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі өзгертілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне жаңа өзгерістер енгізілді. Құжат 2020 жылғы 29 мамыран бастап күшіне енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Өзгерістерге сәйкес, енді шетелдіктерге ел аумағына кіру үшін коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР-тест өткені туралы анықтаманың болуы міндетті емес.

Сондай-ақ кейбір санаттағы азаматтар үшін кіру/шығу тәртібі өзгертілді.

Фото: facebook.com/knbgovkz

Фото: facebook.com/knbgovkz

Жаңа өзгерістер қазақстандықтармен қатар, өзге ел азаматтарына да қатысты болып отыр.

Фото: facebook.com/knbgovkz

Фото: facebook.com/knbgovkz

Еске сала кетейік, наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дархан Ділманов коронавирус ушыққаннан кейін бір ай ішінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткендер саны он есеге азайғанын мәлімдеген еді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

"Егер жылына шекарадан 48 миллион адам өтсе, бір ай ішінде он есеге қысқарған шығар. Оның ішінде біздің азаматтар, шетелдіктер де бар. Бірақ бұл дұрыс, қалыпты жағдай. Адамдар өз денсаулығына алаңдап жатыр", – деді ол.

Ділманов шекарашыларда ауру белгілері байқалмағанын, олардың ешқайсысы карантинге алынбағанын жеткізді. Оның сөзінше, кез келген шекарашы қызметіне кіріспес бұрын міндетті медициналық тексеруден өтеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі өзгертілді