Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұрланған көлікті ағаш арасына жасырып, шетелге апара жатқан жүргізуші ұсталды

Опубликовано:

Жамбыл облысындағы шекарашылар жеңіл көлікті жүк көлігіндегі ағаштар арасына жасырып, Қырғызстанға өткізбек болған жүргізушіні ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ұрланған көлікті ағаш арасына жасырып, шетелге апара жатқан жүргізуші ұсталды
Фото: ҰҚК: UGC
"2020 жылы 1 маусымда "Айша бибі" (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекетіндегі шекарашылар ұрланған Mercedes-Benz жеңіл көлігін Қырғызстанға алып өтпек болғандардың жолын кесті. Заңсыз шығару үшін қылмысты ұйымдастырушылар көлікті жүк көлігіне арамен кесілген ағаштардың ортасына жасырған. Жүргізушіде көлік құжаттары болмаған", – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Ұрланған көлікті ағаш арасына жасырып, шетелге апара жатқан жүргізуші ұсталды
Фото: ҰҚК: UGC

Комитеттің хабарлауынша, табылған жеңіл көлік Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

"Бұл – Айша бибі бекетіндегі көлікті жасырын алып өтпек болған екінші оқиға. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан аумағынан көлікті заңсыз шығаруға жол бермеуге көңіл бөледі",– делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 27 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858592-rlangan-klikti-agas-arasyna-zasyryp-setelge-apara-zatkan-zrgizusi-staldy/

pixel