RU

Тоқаев: Қазақстан Ресей мен Беларусь елдеріне қосылмайды

БАҚ-та мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының біздің еліміз бен түрлі мемлекеттердің серіктестігі туралы сөз қозғалған жаңа сұхбаты пайда болды. Тоқаевқа Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне кіру Қазақстанның жоспарында бар ма деген сауал қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Қазақстан Ресей мен Беларусь елдеріне қосылмайды
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда/архив: Instagram
«Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне кіру біздің жоспарымызда жоқ. Басты бағыт - аталған ұйымдар шеңберіндегі интеграцияны одан әрі дамыту», — деп жауап берді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оған қоса, мемлекет басшысы ЕАЭО-ның экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудыратынын атап өтті.

«2025 жылға қарай ортақ энергетикалық және қаржылық нарықтар құрылады. Сандық өзара іс-қимыл перспективалық бағыт болып табылады », - деп түсіндірді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол азақстан азаматтары үшін Ресей «ең жақын мемлекет болды және болып қала береді» деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сұхбаты барысында Қазақстан аумағында Америка Құрама штаттарының әскери базасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858625-tokaev-kazakstan-resej-men-belarus-elderine-kosylmajdy.html