RU

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі "қос билік" жөнінде пікір білдірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсолмольская прада" басылымына берген сұхбатында елімізде қос билік орнағанын айтқан саясаттанушылардың мәлімдемесіне жауап берді деп хбарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Журналистер Нұрсұлтан Назарбаев президент қызметінен кеткенімен, үлкен саясат алаңынан әлі кете қоймағанын айтты.

Соған орай, кейбір саясаттанушылар Қазақстанда қос билік формасы орнады деп топшылауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты бар шындықты айтты. Оның сөзінше, саяси және тарихи мұраны сақтау басты мәртебе болып табылады. Президент осыны негізге ала отырып, өз сайлауалды компаниясының бірінші пункті ретінде сабақтастық болғанын атап өтті.

"Тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев - тарихи масштабтағы ірі тұлға, заманауи Қазақстанның негізін қалаушы. Алдағы уақытта (6 шілдеде) біз оның 80 жылдық мерейтойын атап өтпекпіз. Оның халықаралық бірлестік пен өз халқымыздың алдындағы жетістіктері жайлы айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтап қалу өте маңызды. Ол қазақстандық мемлекеттілікті күшейту үшін қажет" , - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда Елбасы оның дағдарыстан жылдам түрде шығу курсына қолдау білдіргенін алға тартты. Оған қоса, президенттің жаңа экономика құру мен қазақстандықтарға материалдық көмек беру жөніндегі бастамалары да Назарбаевтың қолдауына ие болды.

"Ешқандай қос билік жоқ. Мұны Нұрсұлтан Әбішұлы да бірнеше мәрте айтқан болатын. Ол қазіргі президенттік айналасына бірігуге шақырды" , - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағына АҚШ әскери базасын салу мәселесіне қатыс ы жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858629-kasym-zomart-tokaev-kos-bilik-zninde-pikir-bildirdi.html