Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда коронавирустан көз жұмған әйелдің тест нәтижесі теріс шыққан

Опубликовано:

1 маусым күні Павлодар қаласында 85 жастағы әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды. Алғашында ол ЖРВИ белгілерімен ауруханаға түскен, ал COVID-19 диагнозы теріс нәтиже көрстекен. Ал бірнеше күннен кейінгі сараптама оң нәтиже берген деп жазады KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Павлодарда коронавирустан көз жұмған әйелдің тест нәтижесі теріс шыққан
Көрнекі фото: azh.kz: UGC

Қарт павлодарлық әйелге медицина қызметкерлері ЖРВИ диагнозын қойған. Зейнеткердің дене қызуы жоғарылап, тамағы ауыра бастаған.

Дәрігерлер ем тағайындап, жаңа инфекцияға сараптама алыпты. Оның алғашқы нәтижесі теріс шыққан екен. Екі күннен кейін зейнеткер жедел жәрдеммен провизорлық орталыққа жеткізілген. Оның денсаулығы бірден нашарлап, температурасы 40-тан асқан.

Кейіннен зейнеткерді өкпені жасанды желдету аппарына қосуға тура келіпті. COVID-19 диагнозына тапсырған екінші сараптама нәтижесі тек 1 маусым күні белгілі болған. Ал сол күні кешке 85 жастағы әйел көз жұмған еді.

Бұл ретте әйелді жұқпалы аурухананың жансақтау бөліміне ауыстырған. Коронавирусқа тест оң нәтиже көрсеткендіктен, комиссия өлім жағдайын дәл осы статистикаға қосуды құп көрді.

  • Бүгінге дейін Павлодар облысында жаңа инфекциядан 4 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда тағы 225 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 11796-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858663-pavlodarda-koronavirustan-kz-zmgan-jeldi-test-ntizesi-teris-sykkan/

pixel