RU

Дәрігер неліктен көшеде бетперде киіп жүрудің пайдасы шамалы екенін айтты

Израильдік дәрігер және профессор Давид Лурье бетперде киюдің денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізбейтінін мәлімдеді. Маман неліктен көшеде медициналық бетперде киюдің пайдасыз екенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Дәрігер неліктен көшеде бетперде киіп жүрудің пайдасы шамалы екенін түсіндірді
Фото: NUR.KZ: Original

Израильдегі аурухананың бөлім меңгерушісі Давид Лурьенің айтуынша, вирус алыстан жел арқылы ұшып келмейді, инфекция тек адамнан адамға жұғады. Жақын байланыста болған жағдайда, әрине, маска кию қажет екенін ашып айтты маман.

Профессор бетперде киюдің денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізбейтінін де айта кетті. Ол бірнеше сағатқа созылатын ота жасау кезінде қорғаныс маскасын тастамайтын хирургтарды мысалға алды. Сондай-ақ медициналық бетпердені ұзақ уақыт қолдану белгілі бір ауруға әкеп соқтыратыны туралы расталған дәлелдердің жоқтығына тоқталды.

Дерматологтар мен косметологтардың айтуы бойынша, бетперде тағып жүру терінің түсін нашарлататыны туралы мәлімдемесіне Дэвид Лури шын мәнінде мұндай жағдайлар өте сирек кездесетінін айтып, қарсылық білдірді.

Алайда, маска кию психологиялық қолайсыздық тудыруы мүмкін, оның үстіне алда аптап ыстық жаз келе жатыр. Бұған кейбір қалалар мен елдерде көпшілік орындарда маскасыз жүруге тыйым салуды жою туралы шешімдер дәлел бола алады.

Қорытындылай келе, дәрігер қорғанудың маңыздылығы мен оның қолайсыздығы арасындағы тепе-теңдікті ұмытпау керегін еске салды.

Еске сала кетсек, ресейлік жоғары дәрежелі дәрігер Лариса Алексеева шаштараздар мен сұлулық салондарына барғанда вирус жұқтырмау үшін қандай сақтық шараларын қабылдау керектігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858700-driger-nelikten-ksede-betperde-kiip-zrudi-pajdasy-samaly-ekenin-ajtty.html