RU

Алматыда құрылыс алаңында ірі өрт шықты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда Шығыс айналма жолының бойында орналасқан құрылыс алаңында өрт шықты. Куәгерлер желіде оқиға орнында түсірілген сурет және видеолармен бөлісуде. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мегаполистің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда құрылыс алаңында ірі өрт шықты (видео)

Фото: Видеодан кадр: UGC

Әлеуметтік желіде куәгерлердің әр жерден түсірген видеолары тарауда. Кадрдан салынып жатқан ғимараттың қалай өртке оранып жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Шығыс айналма жол бойында орналасқан құрылыс алаңында болған.

Бұл жайтқа қатысты Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство Медеу ауданындағы өрт жайлы куәгерлер хабарлағанын жеткізді. Қазіргі уақытта ғимарат өртеніп жатыр. Оқиға орнына 13.55-те мамандар мен қажетті техника жіберілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда аумағы 1000 шаршы метрлік қойма өртенгенін хабарлаған едік. Оқиға Түрксіб ауданындағы тіркелген.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік жайындағы сіз күтпеген фактілер

Болжам бойынша, өрт макулатура сақталған бөлімнен шыққан.

Сонымен қатар таяуда Оралда жазғы дәмхана өртенгенін жазған болатынбыз.

Жалын шамамен 250-300 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 83 қызметкері мен 22 техникасы жұмылдырылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда құрылыс алаңында ірі өрт шықты (видео)