RU

Алматылықтарға жаппай іс-шара өткізу үшін жеке меншік үйлерді жалға алуға тыйым салынды

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес, қала тұрғындарына жекеменшік нысандарды жалға алып, жаппай іс-шара өтікізуге тыйым салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары, құқық қорғау және арнайы органдар:
көрермендердің қатысуымен мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
Алматы қаласының аумағында адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
жеке меншік үйлер мен құрылыстарды жаппай корпоративтік және басқа да іс шараларды өткізу үшін жалға беруге және жалға алуға тыйым салуды;
қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру объектілерінің жұмысына тыйым салуды;
оқушылардың топтық экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етсін", - делінген тиісті құжаттың мәтінінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде блок-бекеттер алынып, дәмхана мен мейрамханалар ашылғанымен, әзірге той-томалақ өткізуге рұқсат берілмейтінін айтқан еді.

Есмағамбетованың сөзінше, тыйымның алынуы елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық тікелей ахуалға байланысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858719-almatylyktarga-zappaj-is-sara-tkizu-sin-zeke-mensik-jlerdi-zalga-aluga-tyjym-salyndy.html