Выйти
RU

Елбасы қорынан кімдерге 50 мың теңгеден беріледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасы қорынан 50 мың теңге көлемінде бір рет берілетін төлемдердің үшінші толқыны жалғасын табатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы Байбек Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Елбасының бастамасымен Мемлекет басшысы қолға алған дағдарысқа қарсы шараларға қосымша "Birgemiz" қоры мұқтаж қазақстандықтарға қарқынды көмек көрсетуді жалғастырып жатыр", - деді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Оның сөзінше, көмек көрсетудің бірінші және екінші кезеңі аясында 23 қаладағы 360 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алған.

Сонымен қатар, Jas Otan маңына топтасқан 5 мыңнан астам волонтер 240 мың отбасыға азық-түлік себеттерін, медициналық маскалар мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізіп бергені белгілі болды. Халықтың қорғанысы әлсіз бөлігіне жататын 100 мың отбасыға тегін 5 миллион маска үлестірілді.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Байбек Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына нұротандықтар азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары мен жеке гигиена құралдары түрінде 1000 тонна гуманитарлық көмек жөнелткенін жеткізді. "Birgemiz" қорының қаражаты есебінен Достық ауылының тұрғындары жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз етілмек.

"Кеше Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлемақы берудің үшінші кезеңін ұйымдастыруды тапсырды. Осы аптаның өзінде шағын қалалардың, ауылдар мен ірі қалаларға іргелес елді мекендердің мұқтаж тұрғындарынан тұратын 110 мыңдай отбасыға қосымша атаулы қаржылық көмек көрсетілетін болады. ⠀ "Nur Otan" партиясы мен Тұңғыш Президент Қорының ұйымдық қолдауымен "Birgemiz" қорының іске асырып жатқан тиімді де ашық жұмысы ірі меценаттардың көкейіне сенім ұялатып отыр.

Тағы да оқыңыздар

Дауысымен талайды тамсандырған Жанар Дұғалованың актрисалық қыры жайлы не білеміз?

Осылайша таяу уақытта тағы да қосымша қаражат түседі деп күтілуде. Осыны ескерген Елбасы тікелей ауыл тұрғындарына басымдық бере отырып, мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін іске асыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды", - деді Байбек.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға "Біргеміз" қорынан 50 мың теңге бір реттік төлем беріле бастағанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елбасы қорынан кімдерге 50 мың теңгеден беріледі