RU

Бекшин жедел жәрдем диспетчерлік қызметінде коронавирустың өршуіне қатысты пікір білдірді

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі онлайн-брифинг барысында жедел жәрдем диспетчерлік қызметінде 113 қызметкердің 15-інен коронавирус анықталғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшин жедел жәрдем диспетчерлік қызметінде коронавирустың өршуіне қатысты түсініктеме берді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Бекшин жедел жәрдем бригадасын медициналық қызметкерлер арасындағы ең осалы деп атады, өйткені олар науқастар бар жерге жиі барады.

Вирус жұқтыру қаупі жоғары санаттың ішінде жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері де бар.

"Алдын алу мақсатында біз бұл нысандарды ай сайын тексеріп отырамыз, бірақ бүгінде диспетчерлік қызмет - жедел жәрдемнің жұмысын реттейтін орталық аппарат. Олар шақыртуға бармайды, алайда үнемі тексеріліп тұрады", - дейді Бекшин.

Оның айтуынша, диспетчерлік қызметтің қызметкерлері алғашқы тестілеуден 19 сәуірде өткен. Ол кезде екі адамнан коронавирус анықталған.

Вирус жұқтырғандар оқшауланып, ем қабылдаған. Ал қалған қызметкерлердің сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

Бір айдан соң қайта тестілеу жасалғаннан кейін 113 қызметкердің 15-нен коронавирус табылған.

Қызметкерлер медициналық бақылауда.

Айта кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда карантин әлі аяқталмағанын керісінше, белгілі бір деңгейде күшейе түскенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858748-beksin-zedel-zrdem-dispetcerlik-kyzmetinde-koronavirusty-rsuine-katysty-pikir-bildirdi.html