Выйти
RU

Тоқаев Маңғыстау облысынының әкіміне коронавируспен күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Кездесу барысында президентке Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақтағы коронавирусқа қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында баяндалды.

Сонымен қатар Серікбай Трұмов Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауылшаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы айтты.

Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвестиция тарту, туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру және коронавирус індетіне қарсы күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді.    

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 225 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 17-і Маңғыстау облысынан.

Жалпы Маңғыстау өңірінде бүгінде коронавирус жұқтырған жалпы 308 адам тіркелген. 151 адам COVID-19 инфекциясынан жазылып шықса, бір адам қайтыс болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Маңғыстау облысынының әкіміне коронавируспен күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді