Выйти
RU

Назарбаев БАӘ елшісімен кездесті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: elbasy.kz

Фото: elbasy.kz

Кездесуде Елбасы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Мұхаммед аль-Джаберге алғысын білдірді.

"Сіз біздің елде үш жарым жыл қызмет еттіңіз. Осы уақытта Қазақстан мен БАӘ қатынасы едәуір нығая түсті. Атап айтқанда, мемлекеттер арасында визасыз режим енгізілді. Сізді Қазақстанның сенімді досы деп білемін. Алдағы уақытта да жақсы қарым-қатынаста боламыз деген сенімдемін" , – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Фото: elbasy.kz

Фото: elbasy.kz

Өз кезегінде Мұхаммед әл-Джабер Елбасына және барша Қазақстан халқына қонақжайлық көрсетіп, жемісті ынтымақтастық пен екі ел арасындағы қатынастарды дамытуда жан-жақты көмек бергені үшін алғыс айтты.

"Маған бауырлас Қазақстан Республикасында елші болу мәртебесі бұйырды. Сіз бен БАӘ басшылығы арасында достық қарым-қатынас орнаған. Менің Қазақстанға және оның халқына деген ықыласым ерекше. Елден жарқын және ұмытылмас әсер алдым. Дипломатиялық қызметтегі алғашқы лауазымымда «Қазақстан мектебінен» өткенімді мақтан тұтамын" , - деді БАӘ елшісі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев БАӘ елшісімен кездесті