Выйти
RU

Алматы облысында 126 млн теңге көлеміндегі контрабандалық тауар өткізбек болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жалпы құны 126 млн теңге болған контрабандалық заттар анықталды. Заңсыз тауар "Алтынкөл-жол" бекетінде тәркіленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысының мемлекеттік кіріс департаментіне сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Анна Столярова

Фото: Sputnik / Анна Столярова

Ведомствоның мәліметінше, тауар бөлігінің үлкен көлемін осы жылдың сәуір айында анықтаған. Контрабандалық заттар Қытайдан Қырғызстанға жіберілген.

Құжаттарда гальваникалық емес және басқа да жабынды тегіс темір немесе болат жаймасы жазылған. Бұл тауардың баж салығы бес пайызды құрайды. Ал қорғаныс бажын төлеудің қажеті жоқ.

Алайда, іс жүзінде жабыны бар жайма алып бара жатқаны белгілі болды. Ол үшін екі баж салығы төленуі қажет: міндеттісі - бес пайыз, қорғаныс бажы - 20,2 пайыз. Сарапшылар материалды тексеріп, бақылаушылар болжамдарын растады.

Нәтижесінде, мемлекеттік кірістер департаменті тауарды сатып алушы тарап Қырғызтан Республикасынан екенін анықтады. Олар қосымша қорғаныс бажды төлемей өткізгісі келген.

Контрабанданың болжамды құны 126,3 млн теңгеден көп болып шықты. Шығын 84,5 млн теңгені құрады.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Содан кейін қазақстандық қызметкерлер бұл заң бұзушылыққа қатысы барларға шара қолданатын болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында 126 млн теңге көлеміндегі контрабандалық тауар өткізбек болды