RU

Тағы 82 адам жазылды: Елімізде коронавирусты жеңгендер 6240-қа жетті

Елімізде тағы 82 науқас коронавирус инфекциясынан жазылды. Жалпы, Қазақстан бойынша 6240 адам аурудан айығып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Cоңғы деректерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында - 25, Ақмола облысында - 14, Алматы облысында - 23, Қарағанды облысында - 3, Жамбыл облысында - 5, Маңғыстау облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 8, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам коронавирус инфекциясын жеңіп, медициналық мекемеден шықты.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1206

Алматы қаласы – 1697

Шымкент қаласы – 389

Ақмола облысы – 134

Ақтөбе облысы – 196

Алматы облысы – 214

Атырау облысы – 532

Шығыс Қазақстан облысы – 57

Жамбыл облысы – 209

Батыс Қазақстан облысы – 327

Қарағанды облысы – 314

Қостанай облысы – 96

Қызылорда облысы – 270

Маңғыстау облысы – 157

Павлодар облысы – 159

Солтүстік Қазақстан облысы – 43

Түркістан облысы – 240

Айта кетейік, Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған келіншек дені сау сәбиді дүниеге әкелді.

Анадан балаға инфекция берілмес үшін қалалық перзентханадағы білікті мамандардан құралған дәрігерлік топ 24 жастағы тұрғынды жұқпалы аурулар ауруханасындағы базасында кесір тілігі арқылы босандырып алған.

Дүниеге келген нәрестенің салмағы 3 келі 500 грамм. Қыз баланың жағдайы жақсы дейді ақ халаттылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858772-tagy-82-adam-zazyldy-elimizde-koronavirusty-zegender-6240-ka-zetti.html