Выйти
RU

Қарағандыда 17 жастағы мектеп түлегі көлігімен әкімдік ғимаратына соғылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды қаласында мектеп бітіруші түлектер жеңіл көлікпен облыстық әкімдік ғимаратына соғылған. Рөлде болған 17 жастағы оқушының жүргізуші куәлігі жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: basnews.kz, pixabay.com

Фото: basnews.kz, pixabay.com

Өңір басшысының ғимаратын көлікпен соққан бозбала алғашында "жолымды басқа көлік кесті" деп ақталған. Бірақ оның сөзін оқиға куәгерлері жоққа шығарды.

Алдын-ала болжам бойынша, бұлар мектептердің біріндегі соңғы қоңырау меркесінен келе жатқан. Жол апаты салдарынан абырой болғанда ешқайсысы жарақат алған жоқ.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің мас болмағанын мәлім етті.

Белгілі болғандай, көлік 17 жастағы бозбалаға тиесілі екен. Сол себепті кәмелет жасына толмаған жігітке тізгінді ұстатты деп ешкім айыпталмайды.

"18 жасқа толмаған бозбала жол оқиғасынан еш жарақат алған жоқ. Көлік өз атына алынған, бірақ куәлігі жоқ. Жол ережесін бұзған азамат 60 АЕК айыппұл төлейді", - деді Қарағанды қалалық полиция департаментінің басшысының орынбасары Ерлан Ақылбеков.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін онлайн брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус пандемиясына байланысты соңғы қоңырау шарасы ерекше форматта маусым айының басында өтетінін айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда 17 жастағы мектеп түлегі көлігімен әкімдік ғимаратына соғылды