RU

Тоқаев қазақстандықтарға коронавирустың екінші толқыны жайлы ескертті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде әлі коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: UGC

Бұл туралы президент өзінің Twitter парақшасында жазды.

"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. К/вирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады", - деген Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтырға сақтық шараларын сақтауға шақырды.
"Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын", - дейді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін отандық эпидемиологтар коронавирус инфекциясының екінші толқыны күзде басталуы мүмкін деген болжам жасаған болатын.

Сонымен қатар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев COVID- 19 жаңа вирус инфекциясы болғандықтан, екінші толқынды болжау мүмкін емес екенін айтқан еді.

Министрлік өкілінің сөзінше, кейбір мемлекетте КВИ жұқтырудың екінші толқыны басталып жатыр. Бұл вирустың біздің елде қайталанбауы үшін азаматтар карантин ережесін сақтауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858787-tokaev-kazakstandyktarga-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-zajly-eskertti.html