RU

Халықаралық іздеу жарияланған "Астана LRT" экс-басшысының ұсталғаны рас па

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "Астана LRT"-ні басқарған Талғат Арданның ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Astana LRT экс-басшысының ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пікір білдірді
Талғат Ардан. Фото: "Астана LRT" компаниясының ресми сайты: Depositphotos

Ашық диалог алаңындағы конференция кезінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданның түрмеде отырғандығы туралы ақпаратқа жауап қатты.

Қолданушы өзінің хабарламасында атап өткендей, кейбір ақпарат көздері "Астана LRT"-нің бұрынғы басшысы ұсталып, Нұр-Сұлтандағы изоляторлардың біріне қамалғанын айтқан.

Департамент өкілдерінің сөзінше, Талғат Арданның әлі де іздеуде. Оны Интерпол іздестіріп жатыр.

"Талғат Ардан "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде", – деп хабардар етті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, 3 жыл бұрын Талғат Ардан "Астана LRT" басшысы қызметінен босатылған болатын. Сонымен қатар елордада LRT-ні іске қосу соның ұсынысы екендігі де хабарланған.

Отставкаға кетерден бірнеше ай бұрын ол сол кезде елорда әкімі болған Әсет Исекешевтен сөгіс алған.

Өткен жылдың шілдесінде Талғат Арданды Интерпол іздестіріп жатқаны белгілі болды. Оған ақша жымқырды деген айып тағылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858793-halykaralyk-izdeu-zarialangan-astana-lrt-eks-bassysyny-stalgany-ras-pa.html