Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанның Мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды

Опубликовано:

Елордалық мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанның Мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды
Нұрлан Сыдықов. Фото: astana.gov: Depositphotos

Нұр-Сұлтанның Мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынғаны туралы ақпаратты Ашық диалог алаңындағы конференция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Интернет-конференция барысында ведомство өкілдеріне елордадағы мәдениет басқармасын басқаратын Сыдықовтың қамауға алынғаны жайлы сұрақ қойылды.

"Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуде қамқорлық танытқаны үшін мердігерден ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде",– дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Белгілі болғандай, шенеунік шын мәнісінде жемқорлық қылмысы бойынша күдіктелуде. Ол ұсталып, тергеу соты Сыдықовқа қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын меңзей отырып, тергеудің егжей-тегжейін ашып айтпады.

Олар бұл істің шешімін сот шығаратынын атап өтті.

Сонымен қатар агенттік өткен жыл мен 2020 жылдың 4 айында мәдениет және спорт саласында 107 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелгенін атап өтті. Олардың 72-і сотқа жолданған. Бүгінгі таңда 63 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Сыдықов мәдениет және спорт басқармасының басшысы ретінде 2019 жылдың тамызында қызметке келген болатын. Оған дейін ол оңтүстік астананың мәдениет басқармасын басқарған.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін "Астана LRT"-ні басқарған Талғат Арданның ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858801-nr-sltanny-mdeniet-baskarmasyny-bassysy-kamauga-alyndy/

pixel