Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самат Смақов "Тараз" футбол клубының директоры болғаны рас па

Опубликовано:

Қазақ футболы тарихында есімі алтын әріппен жазылған Самат Смақов "Тараз" клубының директоры атанады деген ақпарат тараған. Бұған қатысты Жамбыл облысының әкімдігі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі: Depositphotos

Ведомство Смақовтың "Тараз" ФК директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарған.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Самат Смақовтың "Тараз" футбол клубының директоры қызметіне жоспарлы түрде тағайындалуы туралы хабарлама тараған болатын. Жамбыл облысының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Самат Смақов "Тараз" футбол клубының басшылығына үміткер ретінде қарастырылмайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, еліміздің танымал бұрынғы футболшысы Самат Смақов 2018 жылдың қаңтар айында "Ақтөбе" футбол клубының директоры болып тағайындалды.

Кейін оның бәс саудаға жалғыз өзі қатысып, клубты сатып алғаны хабарланды.

Оған қоса Смақов "Ақтөбе" клубын қалай сатып алғанын да айтып берген болатын.

Ал өткен жылдың соңында бұрынғы футболшы "Ақтөбе" футбол клубының директоры қызметінен кеткен болатын.

Өз кезегінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов Смақовқа алғыс айтып, жаңа басшы "Ақтөбені" қайтадан премьер-лигаға шығаруы тиіс екенін атап өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1858834-samat-smakov-taraz-futbol-klubyny-direktory-bolgany-ras-pa/

pixel