RU

Мұғалімдер енді күніне қанша құжат толтырады: Министр жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуінде педагогтерді қағазбастылықтан артылту жұмыстары туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

иииии
Асхат Аймағамбетов. Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov: Instagram
"Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз", – деді министр Facebook желісінде есеп беру барысында.

Министрдің айтуынша, мұғалімді артық шаруадан босату үшін толтыруы міндетті құжаттар саны да қысқартылған.

"Енді мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады. Бұл жұмыстарды қайтадан қарастырып жатырмыз. Бұл тек мектеп мұғалімдеріне емес, мектепке дейінгі ұйымдардың, колледж, жоғары және жоғарғы білімнен кейінгі ұйымдардың педагогтарына қатысты. Педагог тікелей өз функцияларымен ғана айналысуы керек. Тексерушілерге есеп беру сынды мәселелерді қайта қарап, шектеулерді алып тастадық", – деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, аттестаттаудан өткен педагогтің жалақысына қанша үстемақы қосылатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858856-mgalimder-endi-knine-kansa-kzat-toltyrady-ministr-zauap-berdi.html