Выйти
RU

Бейсен Құранбек басшылық еткен "Жетісу" телеарнасына жаңа директор келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бейсен Құранбек басшы болған "Жетісу" телеарнасының директоры болып Серік Әбікенұлы Сарыбай тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің Баспасөз қызметінің басшысы мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Ғалымұрат Жүкел

Фото: Facebook/Ғалымұрат Жүкел

Қуанышты хабарды облыс әкімінің баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Ал, міне жақсы жаңалығым! Серік Әбікенұлы Сарыбай "Жетісу" телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бейсекеңмен бірге бастаған істі жалғастырып, арнаның даму жолы Секеңнің басшылығымен жалғаспақ", - деді Ғалымұрат Жүкел.

Еске сала кетейік, кеше 18 мамыр күні танымал журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері, алаштың арыстай азаматы Бейсен Құранбек 49 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Оның қазасына көптеген ел тұрғындарының қабырғасы қайысып, өзегі өртенді. Бірқатар танымал адамдар тележүргізушінің жақсы қасиеттерін еске алса, ақындар өлең жолдарын арнады.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов белгілі журналистің қазасына орай, оның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Сонымен қатар, өңір басшысы Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салу облыс деңгейінде өтетінін мәлімдеп, ол үшін арнайы комиссия құруды тапсырған.

19 мамырда Талдықорған қаласындағы "Журналистер үйінде" Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейсен Құранбек басшылық еткен "Жетісу" телеарнасына жаңа директор келді