Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуанышбек Мұханғалиев: Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіз ел құру идеясының жаршысы

Опубликовано:

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиев барша қазақстандықтарды 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ррррр

Ұлы Құрманғазы оркестрі басшысының арнайы құттықтауын өнер ұжымының баспасөз қызметі жария етті.

"Талай зобалаң мен зұлматтарды бастан өткерген Қазақ елі ХХ ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті.

Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан, тәуелсіздікке қол жеткізу кезеңінде төл рәміздеріміз дүниеге келген сәт ерекше орын алады.

  • Осы орайда, Елбасымыздың мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі. Мұндағы мақсаты - көтерген туы мен елтаңбасының, әнұранының мазмұны жөнінен осы заманғы өркениетті мемлекет идеясына үндес рәміздер болып шығуы еді

Мемлекеттік рәміздер - тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы. Рәміздеріміз ең ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ой дарытуға қызмет етеді.

Ардақты ағайын! Көк туымыздың астында Отанымыздың тәуелсіздігі мен халқымыздың бақытты да бейбіт өмірі мәңгі болсын! Баршыңызға уақытша қиын кезеңді лайықты еңсеруге күш-жігер мен амандық тілеймін!", - делінген Қуанышбек Мұханғалиевтің құттықтауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858878-kuanysbek-mhangaliev-memlekettik-rmizder---tuelsiz-el-kru-ideasyny-zarsysy/

pixel