Выйти
RU

Дариға Назарбаева бір айдан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен айдың басында сенат спикері лауазымынан босатылған Дариға Назарбаева еліміздің жастар конгресі мүшелерімен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан жастар конгресінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды: instagram.com/jascongress

Кадрлар видеодан алынды: instagram.com/jascongress

Жастар конгресінің парақшасында Дариға Назарбаеваның қазақстандық жастармен кездескен видеосы жарияланды.

Посттың жазбасында атап көрсетілгендей, жастар конгресі кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаевамен кездесу 2 маусымда өткен.

Белгілі болғандай, кеңес төрайымы ұйым мүшелерінің есебін тыңдаған. Жастар конгресінің мүшелері Назарбаеваға 2019 жылы атқарылған жұмыстар жайында баяндаған.

Сондай-ақ олар алдағы жылға жоспарлаған жобаларын таныстырып, мақсаттары және тың идеяларымен бөліскен.

Жастар конгресінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Дариға Нұрсұлтанқызы ұйымды 2016 жылдан бері басқарып келеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 4 мамырда ресми түрде сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бері парламент сенатының депутаты, ал 2019 жылдың 20 наурызынан бастап сенат төрайымы болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дариға Назарбаева бір айдан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты (видео)