Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік тұрғын Шалқарға қонаққа барып, барлық туысына вирус жұқтырған

Опубликовано:

Ақтөбе облысының санитарлық мамандары Шалқар қаласын карантинге жабу мәселесін қарастырып жатыр. Өңірде 19 адамнан COVID-19 анықталып, індеттің өсімі 18 пайызды құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбелік тұрғын ауылына қонаққа барып, барлық туысына індет жұқтырған
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

27 мамыр күні Ақтөбе қаласынан Шалқарға қонаққа барған тұрғыннан ауру белгілері анықталған.

Кейіннен оның туысқандары тапсырған тест нәтижелрі оң болып шықты. Қазіргі уақытта бір отбасының ағайын-тумалары тексеріліп жатыр. Көпшілігінде ауру белгілері жоқ.

Тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткендіктен олардың барлығы медициналық бақылауға алынған.

"Шалқар ауданында 19 адамнан коронавирус белгілері анықталды. Оның сегізі - бала. Науқастармен байланыста болғандарды карантинге жатқызу, анализ алу жұмыстары жүргізілді. Аудандық ауруханада алты науқас ем алуда. Қалған науқастардың бәрі облыс орталығына жеткізілді.
Оның ішінде біреуі ауыр жағдайда болып, санитарлық авиация арқылы әкелінді. Ол жансақтау бөлімінде екі жақты өкпе қабынуына байланысты ем қабылдап жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Облыстық мамандар ауданда қалған науқастарды емдеуге толық мүмкіндік бар екенін жеткізді. Жергілікті жерде арнайы штаб құрылған және ауру өсімі анықталған соңғы бір аптада облыстан барған білікті мамандар аудандық ауруханада ем жүргізген.

Ал санитар мамандар ауру анықталған аумақты карантинге жабу мәселесін қарап жатыр.

"Шалқар қаласындағы ауру өсімі 18 пайызға жетті. Сол үшін бүгін толық анализ жасалынады. Қаулы дайын. Кешке дейін шешім қабылданады. Жағдай қиындаса, Шалқар қаласында карантин жариялаймыз.
Карантин жарияланған жағдайға Шалқарға кіру-шығу мәселесіне де шектеу қабылданады. Пойыздан тек сол қаланың тұрғындары ғана түседі. Жергілікті тұрғындар сыртқа шықпайды", - дейді Ақтөбе облысындағы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.  

Санитарлар облыста карантин режимі алынғанымен, шектеу шаралары сақталатынын ескертті.  

Бүгінгі күнге дейін облыста 367 адамнан індет анықталды. 281 науқас денсаулығының жақсаруына байланысты үйіне шағырылған.

Қазір 86 адам ауруханада ем алуда. Оның жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Екі адам жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал облыста індет жұқтырған балалардың саны - 37. Оның ішінде жетеуі ауруханада, қалғаны емделіп үйге шығарылған.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус анықталған науқастың туыстары диагнозға сенбей, дәрігерлерді қорқытқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858895-aktbelik-trgyn-salkarga-konakka-baryp-barlyk-tuysyna-virus-zktyrgan/

pixel