RU

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді (фото, видео)

Қазақстанның оңтүстік астанасында соңғы екі күнде үш рет өрт болды. Әлеуметтік желі қолданушылары Нұрлы Тау тұрғын үй кешені үстінен көтерілген қою түтінді суретке түсіріп, желіде бөлісуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: НЕХабар telegram-арнасы
Фото: НЕХабар telegram-арнасы: UGC

Төтенше жағдайлар департаментінде аталған алдын ала мәліметтерге сәйкес, Алматының Медеу ауданында қалалық автобус өртенген. Оқиға Әл-Фараби даңғылынан төмен, Назарбаев көшесінің бойында орын алды.

Фото: куәгерлерден
Фото: куәгерлерден: UGC

Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрлардан автобустың толығымен өртке оранғанын көруге болады.

Кадрлар видеодан алынды: instagram.com/kris_p_almaty
Кадрлар видеодан алынды: instagram.com/kris_p_almaty: UGC

Әзірге төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Фото: куәгерлерден
Фото: куәгерлерден: UGC

Еске сала кетейік, кеше Алматыда Шығыс айналма жолының бойында орналасқан құрылыс алаңында өрт шыққан болатын.

Әлеуметтік желіде куәгерлердің әр жерден түсірген видеолары тарады. Кадрдан салынып жатқан ғимараттың қалай өртке оранып жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Шығыс айналма жол бойында орналасқан құрылыс алаңында болған.

Бұл жайтқа қатысты Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство Медеу ауданындағы өрт жайлы куәгерлер хабарлағанын жеткізді.

Сондай-ақ бұған дейін Алматыда аумағы 1000 шаршы метрлік қойма өртенгенін хабарлаған едік. Оқиға Түрксіб ауданындағы тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1858896-almatyda-avtobus-rtendi-foto-video.html