Выйти
RU

Жаңа оқу жылынан бастап қандай мұғалімдердің жалақысы көтеріледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринова осы жылы ұлттық біліктілік тестілеуден 160 мың мұғалім өтетінін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Баршаңыз білетіндей, елімізде "Педагогтар мәртебесі туралы" заң қабылданып, мұғалімдердің нақты міндеттері айқындалғанын, жүктемелерін азайтуға байланысты министрдің бірнеше ұстанымын бұған дейін жеткізген едік. Заң аясында бірнеше нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды", - деді ол.

Қаринованың айтуынша, ұлттық біліктілік тестілеу – жалпы мұғалімді аттестаттаудың екі кезеңнің біріншісі болып табылады.

"Бірінші кезең – әдеттегідей тестілеу арқылы өткізіледі. Тестілеу кезінде мұғалімдер өз пәндеріне байланысты біліктілігін көрсетеді. Әдістеме бойынша сұрақтарға жауап беріп, аттестаттаудың екінші кезеңіне жолдама алады", - деді вице-министр.

Ол осы жылы біліктілік тестілеуге 160 мыңға жуық мұғалім қатысатынын жеткізді.

"Биылдан ЖОО-лардың педагогикалық мамандықтары бойынша түлектері осы тестілеуге қатыса алады. Тестілеудің екінші кезеңі мұғалімнің еңбегін кешенді талдау бойынша өткізіледі.

Оның нәтижесінде мұғалімдердің бәрі де өз еңбекақыларын 1 қыркүйектан бастап 30-дан 50 пайызға дейінгі аралықта өсіре алады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Бұл – мұғалімді қолдап, еңбегін бағалауға байланысты жұмыстар. Сол себепті ұлттық біліктілік тестілеудің маңызы жоғары. Үстіміздегі жылдың 2 маусымы күні үрдіс барлық өңірде басталды", - деді білім және ғылым министрдің орынбасары.

Еске сала кетсек, бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту жұмыстары туралы айтып берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаңа оқу жылынан бастап қандай мұғалімдердің жалақысы көтеріледі