Выйти
RU

48 адамнан бөлек: Елімізде вирус жұқтырған 37 науқас өзге аурудан көз жұмған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ-да өткен брифингте коронавирусқа қатысты соңғы статистиканы жариялады. Сонымен қатар Қазақстанда коронавируспен қатар жанама аурулардан көз жұмған адамдар санын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавируспен ауыратын 37 адам жанама аурулардан қайтыс болды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Елжан Біртанов бұл уақытқа дейін Қазақстанда вирус жұқтырған 12,1 мың адам тіркелгенін айтты. Олардың көпшілігінде ауру жеңіл симптоматикалық түрде өтуде.

Қазір науқастардың 52%-ы емделген. 5836 пациент елдегі ауруханаларда емделуді жалғастыруда. Олардың ішінде ауыр халде жатқан 59 адам бар. Бұл осындай науқастардың жалпы санының 1%-ын құрайды.

Министр осы уақытқа дейін коронавирустан 48 адам қайтыс болғанын - өлім көрсеткіші 0,4%-ды құрайтынын өкінішпен атап өтті. Біртанов сандарды жасанды түрде төмендетпеу үшін өз бақылауында ұстайтынын айтты.

"Көз жұмған 48 адамнан басқа, бізде жанама аурудан қайтыс болған 37 адам бар, бірақ олардан да Covid-19 анықталды", - деді Біртанов.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайларды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша тіркеуде.

Елжан Амантайұлы коронавирустан болатын өлім статистикасына тыныс алу жүйесінің ауыр асқынуын немесе пневмонияны тудырған жағдайлар енгізілгенін түсіндірді.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Инфекция созылмалы аурулардың өршуіне әкелсе де, вирус өлімнің себебі болып саналады.

Бірақ егер вирус жұқтырған адам инфаркттан қайтыс болса, онда бұл жағдайда оның негізгі диагнозы көрсетіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
48 адамнан бөлек: Елімізде вирус жұқтырған 37 науқас өзге аурудан көз жұмған