Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дабылды ескерту: Қазақстанның кей өңірлерінде үсік жүреді

Опубликовано:

Синоптиктер Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы және Қарағанды ​​облыстарында үсік жүреді деп болжады. Осы орайда, аталған өңірлерде дабылды ескерту жарияланды. 5 маусым күні түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.   

Дабылды ескерту: Қазақстанның кей өңірлерінде үсік жүреді
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Дабылды ескерту

Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Петропавлда 5 маусымға қараған түні топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Синоптиктердің болжамынша, 5 маусымда Қарағанды ​​облысында жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтілуде.

Қарағандыда түнде желдің екпіні секундына 15 метрге жетуі мүмкін.

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында күн күрт суытады, 6-7 маусымда түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.  

Жұма күні - 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл тұрады деп болжанды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өскеменде 5 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Семейде күн күркіреп, бұршақ жауады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858935-dabyldy-eskertu-kazakstanny-kej-irlerinde-1-3-graduska-dejin-sik-zredi/

pixel