Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көшеде өз бетімен кетіп бара жатқан жігіттің аяғына оқ тиген

Опубликовано:

Алматыда бірнеше азамат мейрамхана алдында жаға ұстасып, жанжал салдарынан екі адам дене жарақатын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға орынан фото: Instagram.com/kris_p_almaty
Оқиға орынан фото: Instagram.com/kris_p_almaty: Depositphotos

Кеше кешкісін болған оқиғаны тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп алған. Видео әлеуметтік желілер арқылы тараған.

Телеарна мәліметінше, мейрамхана алдында бірнеше жігіт сөзге келіп қалған. Жаңжалдасқан екі тарап мәселесі жұдырықпен шешілмеген соң, бір-біріне суық қарумен сес көрсеткен. Бірі пышақ ала жүгірсе, екінші тарап травматикалық тапаншадан төрт рет оқ атыпты.

Салдарынан екі адам дене жарақатын алған. Жарақат алғанның біреуі тіпті жанжалға қатысы жоқ болып шықты. Ол көшеде өз бетімен кетіп бара жатқанда аяғына тапаншадан атылған оқ тиген. Төбелеске қатысы бар тағы бір жігіт пышақ жарақатын алған.

"37 жастағы азамат қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Ол басынан қатты соққы алған және аяғынан пышақ жарақатын алған. Алғашқы көмектен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді", - дейді Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім басшысы Ермек Желдібаев.

Оқ атып, пышақ қолданғандардың аты-жөні анықталған. Қолға түскендері де бар. Тәртіп сақшылары олардан жауап алуда.

Ал төбелестен кейін ізін суытып үлгерген өзге жігіттер іздестіріліп жатыр. Полиция, оларды да қылмыстық жауапқа тартпақ.

А. Кемелжан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858954-almatyda-ksede-z-betimen-ketip-bara-zatkan-zigitti-aagyna-ok-tigen/

pixel