Выйти
RU

Түркістан облысындағы шекарада тәжіктер өз еліне қайта алмай әлек болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бірнеше апта Қазақстан шекерасында қалып қойған жүзге тарта тәжіктер үйлеріне қайтты. Алайда шетелдіктердің екінші толқыны келе бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/Астана телеарнасы

Видеодан кадр/Астана телеарнасы

Өзбекстанда енгізілген карантинге қарамастан, тәжік азаматтарына отанына оралу үшін шекарадан өтуге рұқсат етілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Олардың бәріне шекарадан өтуге рұқсат берілгеніне қарамастан, қазіргі уақытта жаңа шетелдіктер - тәжік азаматтары автокөлік тұрағынан жинала бастаған. Қазіргі уақытта олардың саны он бес адамды құрайды.

Олар да отандастары секілді туған еліне тезірек оралғысы келетіндерін білдірді. Жиналғандардың арасында жүкті әйелдер де бар. Шетелдіктер тезірек жібермесе көшеде босанатындарын хабарлаған.

Жүкті әйелдердің бірі Ганджина Рустамова осы айдың 13-інде босануы мүмкін екенін жасырған жоқ. Ал жергілікті медициналық мекемелер болса оны босандыра алмайтынын бірден ескерткен көрінеді.

Шетелдіктер шекара "ашылды" деген қуанышты хабарды естіп келгендерін, алайда жеткен кезде оның жабық екенін көздерімен көргендерін айтты.

Тәжік дипломаттары еліне қайту туралы көмек сұраған отандастарының екінші толқыны туралы естіген. Олар Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өтуге рұқсат алғанша, уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етуге уәде берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысындағы шекарада тәжіктер өз еліне қайта алмай әлек болды