Выйти
RU

"Әйелдерді ұруға болады": Шулы жазбадан соң ЕҰУ профессоры қызметінен кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтарды әлеуметтік желідегі пікірімен ашуландырған елордалық университеттің профессоры жұмыстан кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: enu.kz

Фото: enu.kz

Ерлан Сүлейменов төңірігіндегі дау бірнеше күн бұрын басталған.

Жас ғалымдар альянсының төрайымы Әсия Ермұхамбетова желіде университет қызметкері екеуінің пікір алмасқан жазбасын жариялады. Ол оқытушының сексистік, ұлтшылдық және арандатушылық тудыратын пікір жазғанын білдірді.

Бастапқыда әйел Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында білім беру мәселелерін негізінен ер адамдар талқылағанын жазды. Ал оған Ерлан Сүлейменов бірден "Әйелдер өмір бойы өз жүктілігін зерттей алмай келеді. Қанша лайық болса, соншасы қатысып отыр", - деп жауап қатқан.

Сонымен қатар, Ерлан Сүлейменов жақша ішіне "көп әйел алуды қолдаймын, әйелдерді ұрып-соғуға болады және кейде ұру да керек" деп жазды.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде профессорды сынағандардың қарасы өте көп болды. Олар университет қызметкерінің айтқанын "шектен шыққандық" деп бағалады.

Осыған байланысты Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Этика жөніндегі комиссия оның әрекетін адам мінез-құлқының стандарттарына сәйкес келмейді деп таныды. Осы комиссияның ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен Ерлан Сүлеймен қызметінен босатылды", - деді олар.

.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әйелдерді ұруға болады": Шулы жазбадан соң ЕҰУ профессоры қызметінен кетті