Выйти
RU

39 жастағы азамат қайтыс болуына бірнеше минут қалғанда анасына селфи жіберген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ер адам анасына Американың Сент-Луис Мэриленд қаласының маңындағы әуежайдан достарымен бірге түскен суретін жіберген. Алайда бірнеше минуттан кейін ұшақ апатынан көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлы қайтыс болуына бірнеше минут қалғанда анасына селфи жіберген

Фото: Daniel Shedd, Көрнекі фото: pixabay.com

Жексенбі, 31 мамыр күні 39 жастағы Даниэль Шедд университетте бірге оқыған үш досымен - 35 жастағы Джошуа Суирс, 39 жастағы Даниэль Шлоссер және 39 жастағы Джон Камиллери Суирлердің басқаруымен төрт орынды бір моторлы ұшақпен ұшпақшы болды деп жазады Lenta.ru шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ұшар алдында Шедд достарымен бірге түскен суретін анасына жіберген. Ал әуеге көтерілгеннен кейін бес минуттан соң ұшақ Иллинойс штаты Карлинвилль қаласының маңында құлаған екен.

Шеддтің әкесі Чарльз ұлының достарымен бірге алғаш рет ұшқанын және бұл кезді асыға күткенін айтты.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ұлы қайтыс болуына бірнеше минут қалғанда анасына селфи жіберген

Фото: Daniel Shedd

"Олардың көңілдері көтеріңкі еді. Бақытты болды. Ауа-райы керемет еді", - деді ол.

Ол әуе кемесі 1964 жылы шығарылғанын және жақсы жағдайда сақталғанын атап өтті. Жақында жыл сайынғы тексеруден өткен.

Полиция жердегі бірнеше куәгердің дауысты естігенін, бірақ нақты не болғанын білмегенін айтты. Апаттың себептері туралы айтуға әлі ерте, тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге ұшқан ұшақ елорда аспанында бұзылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
39 жастағы азамат қайтыс болуына бірнеше минут қалғанда анасына селфи жіберген