Выйти
RU

Алматы облысында күшікті тірідей өртеген қаскөйлерді полиция іздеп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында бір топ ер адам күшікті тірідей өртеп жіберді. Облыстық полиция басқармасы кінәлілер міндетті түрде жауап беретінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Аlmaty.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында полиция күшікті тірідей өртеген ер адамдарды іздеуде

Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде күшікті аяусыз өлтіріп жатқан видео пайда болды. Оқиға Алакөл ауданының Қабанбай ауылында болған деп болжануда.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабы 2-бөлігі (жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша тіркелгенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта Алакөл ауданының аумақтық бөлімшесі осы қатыгез қылмысты жасағандарды анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Олар заңға сәйкес лайықты жазаға тартылады", - деді министрлік.

Айта кетейік, бұған дейін жануарларды қорғау жөніндегі ұйымдар Қазақстан президентіне ашық хат жазған болатын.

Онда еріктілер жануарлар туралы заң қабылдап, жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатайту мақсатында қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуді сұрады.

Еске сала кетейік, Петропавлда әйелдің өз итін терезеден лақтырып өлтіргенін хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында күшікті тірідей өртеген қаскөйлерді полиция іздеп жатыр