Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясаттанушы: Тоқаев ел билігіндегі позициясын күшейтіп жатыр

Опубликовано:

Саясаттанушы Андрей Чеботарев президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен оның командасы күшті блогты бақылауды кеңейтіп жатыр деп есептейтінін жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сарапшының Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізген болатын.

Осыдан кейін саясаттанушы желіде жазба қалдырды.

"Бұл жағдай қызықты, себебі Тоқаев уақыт өте келе президенттік веритикаль мен Қазақстан билігіндегі позициясын күшейтіп жатыр. Сонымен қатар бұл бір уақытта әрекет ететін күшті блок Ақорда мен "Кітапханаға" да қатысты", - деді Чеботарев.

Ол Тоқаев мемлекет басшысы болған уақытқа дейін ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовпен екіжақты кездесулер болмағанын келтірді.

Маманның сөзінше, тек 2019 жылдың 29 шілдесінде президент ҰҚК басшылығы құрамымен кездесу өткізіп, бірқатар міндеттер жүктеген. Алайда, бұл шараны Ақорданың ресми сайты жарияламағанын жеткізді.

Сарапшы Тоқаевтың ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысын өткізуі, Кәрім Мәсімовтың баяндамасын тыңдауы Ақорда мен елдің басты барлау қызметі арасындағы қарым қатынасты орнатуға жасалған қадам деп санайтынын білдірді.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі толықтырылатынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1858995-saasattanusy-tokaev-el-biligindegi-poziciasyn-ksejtip-zatyr/

pixel