Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Зеленскийге бір шыны кофе үшін айыппұл салынбақшы (фото)

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Фото: news-front.info: UGC

Украинаның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Украина басшысы карантиндік шектеулерді бұзған және ол сол үшін жазалануы тиіс. Оған 17 мың гривен (шамамен 255 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

3 маусымда Украина президенті Владимир Зеленский Хмельницкті аралап, жергілікті кафеге барып, кофе ішті. Бұл туралы Офiс Президента telegram арнасында жазылды.

Қоғамдық тамақтану орындарында 5 маусымға дейін тапсырыстарды жеткізу қызметі ғана жұмыс істегендіктен, бұл оқиға украин басшысына қарсы тергеуді бастауға себеп болған.

112.UA порталының хабарлауынша, карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін Владимир Зеленскийге 17 мың гривенге дейін (шамамен 255 мың теңге) айыппұл салынады.

Елдің ішкі істер министрлігі бұл мәселені тергеуге уәде берді. Президентті жазаламас бұрын, құзырлы органдар оның кінәлі не кінәсіз екенін анықтайды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко полицияның президентке бірнеше рет айыппұл салғалы отырғанын еске салды.

Соңғы рет Владимир Зеленский 2019 жылы сайлауда бюллетень көрсеткені үшін жазаланған, бұл Украина заңын бұзу болып есептеледі.

1 маусымнан бастап Украина карантинді төмендетудің жаңа кезеңіне өтті. Жақын уақытта фитнес орталықтары мен оқу орындарына баруға болады, аймақтар арасындағы көлік байланысы ашылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858996-vladimir-zelenskijge-bir-syny-kofe-sin-ajyppl-salynbaksy-foto/

pixel