Выйти
RU

Бас прокуратура митингке қатысты ел тұрғындарына үндеу жолдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтарды заңсыз митингтерге шықпауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қадағалау органының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: kzl.prokuror.gov.kz

Фото: kzl.prokuror.gov.kz

Еске сала кетсек, 6 маусымынан бастап "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" жаңа заң қолданысқа енгізіледі.

  • Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін заңмен хабарлама жасау тәртібі қарастырылған.
Ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейін бес жұмыс күн бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама береді, ол үш жұмыс күн ішінде оны қарауға тиіс. Бұл мерзім аяқталған соң жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушы бейбіт жиналысты өткізеді.

Бас прокуратура таратқан ақпаратқа сәйкес, демонстрациялар мен шерулер үшін келісім тәртібі белгіленген. Өтініштер өткізілетін күнге дейін он жұмыс күн бұрын беріледі, ол бойынша жергілікті атқарушы орган жеті жұмыс күн ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары).

Осы уақыт ішінде ұйымдастырушы мен жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды қауіпсіз өткізу, оларға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасайды.

  • Бұл ретте бейбіт жиналыстар арнайы орындарда өткізілуі тиіс екені ескертілді (Заңның 9-бабы).

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Дәл осы сәтте жергілікті өкілді органдар осындай орындарды және демонстрациялар мен шерулер үшін жүру маршруттарын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау бойынша рәсімді жүргізуде (Заңның 1-бабының 3 тармақшасы, 8-бабының 2-тармағы).

Бейбіт жиналыстар көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін ұйымдастырылуы және өткізілуі мүмкін.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 4 маусымда үндеу таратып, онда карантин кезеңінде елде бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде митингілерді өткізуге тыйым салынғанын көрсеткен.
  • Оны сақтамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.
Хабарламада жекелеген тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылғы 6 маусымда жаппай митингілерге шығуға шақырып жатқаны айтылған

Ведомство мәліметінше, жаңадан белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу заңсыз болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады (тіпті 15 тәулікке қамауға алуға дейін).

"Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 400-бабы).

Осыған байланысты, азаматтарды арандатушылық жасамауға және заңсыз жария акцияларға қатысудан бас тартуға, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу кезінде жаңа заңның ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бас прокуратура митингке қатысты ел тұрғындарына үндеу жолдады