RU

Қорқытып, ақша алған: Атырау облысында қылмыстық топ құрықталды (фото)

2020 жылдың 3 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК Атырау облысындағы қылмыстық топты құрықтады (фото)
Фото: ҚР ҰҚК: UGC

Қылмыстық топ мүшелерінің өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды "өндіруге" және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар.

ҰҚК Атырау облысындағы қылмыстық топты құрықтады (фото)
Фото: ҚР ҰҚК: UGC

Нәтижесінде топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды, олардың кейбіреуі "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс ұстаған. 

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.
ҰҚК Атырау облысындағы қылмыстық топты құрықтады (фото)
Фото: ҚР ҰҚК: UGC

Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды.

ҰҚК Атырау облысындағы қылмыстық топты құрықтады (фото)
Фото: ҚР ҰҚК: UGC

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, 2020 жылдың 27 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859018-korkytyp-aksa-algan-atyrau-oblysynda-kylmystyk-top-kryktaldy-foto.html