Выйти
RU

Коронавирус салдарынан терісі қарайып кеткен уханьдық дәрігер көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирусты емдеу кезінде бауырдың зақымдануына байланысты терісінің түсі қарайған уханьдық дәрігер 2 маусымда қайтыс болды. Бұл туралы Global Times жазады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустың салдарынан терісі қарайып кеткен уханьдық дәрігер көз жұмды

Фото: Beijing Sattelite: UGC

Ху Вэйфэнг есімді дәрігер қалалық орталық ауруханада COVID-19-дан қайтыс болған алтыншы қызметкер болды.

Дәрігердің аурухана палатасында жатқан суреті желіде пайда болып, көпшіліктің назарына іліккен еді. Қарқынды емдеу кезінде ер адамның бауыр функциясының бұзылғаны анықталды.

Нәтижесінде дәрігердің терісінің түсі қарайған. Оның әріптесі Ю Фанда да осындай жанама әсер болыпты. Екінші дәрігер ауруханадан 6 мамыр күні шығарылды.

Вейфэнг 22 сәуір мен 21 мамырда инсульт алған.

Айта кетерлігі, COVID-19 коронавирус инфекциясы Уханьда 2019 жылдың желтоқсан айында басталды. 3 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 6,4 миллионға жетті: 380,7 мың адам қайтыс болып, 2,74 миллионға жуық адам сауығып шықты.

Тағы да оқыңыздар

Аша Матай фильмографиясы: Актриса қандай фильмдерге түсті?

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 12 312-ге жетті.

Бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясына тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.

Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінда ауру белгілері байқалмаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус салдарынан терісі қарайып кеткен уханьдық дәрігер көз жұмды