Выйти
RU

АҚШ Қытай ұшақтарын елге кіргізбейтін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ Қытай ұшақтарын елге кіргізбейтін болды. Бейжің тарапы авиациялық келісімді бұзған көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

АҚШ Қытай ұшақтарын елге кіргізбейтін болды

Фото: Хабар 24

Ақ үйдің бұл шешімі 16 маусымнан бастап күшіне енбек. Қазір құрама штаттарға қатынауға 6 қытайлық әуе компаниясының рұқсаты бар. Олар вирус өршіген кезде өздерінің отандастарын Қытайға қайтарып үлгерген екен.

Ал америкалық Delta және United Airlines әуе компанияларына Бейжің коронавирус кезінде елге кіруге рұқсат бермепті. Бұл қос компания да Ақ үйге шағымын жеткізген. Трамптың бүгінгі шешіміне осы әуекомпанияларының өтініші себеп болуы мүмкін. 

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Джордж Флойдтың өліміне қатысты пікір білдірді.

"Бұл өте қайғылы жағдай. Оған жол бермеу керек еді. Полиция қызметкерінің ойында не болғаны түсініксіз. Қалған үшеуінің неге араша түспегені беймәлім", - дейді Дональд Трамп.

Шон Спайсерге берген сұхбат барысында АҚШ президенті либералды құндылықты ұстанатын аймақ басшыларының әлсіздігіне тоқталды.

Айтуынша, дәл соның салдарынан Ақ үй Миннеаполиске ұлттық гвардия жіберуге мәжбүр болған. Бұдан бөлек, Америка басшысы осы оқиғаға байланысты әділдік орнап, бәрі заң жүзінде шешілетініне сенім білдірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ Қытай ұшақтарын елге кіргізбейтін болды