Выйти
RU

Ажырату қиын: Бір күнде оқу бітірген анасы мен қызы әлем назарын аударды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жасмин Куджи мен оның анасы Синтия АҚШ-та бір уақытта медициналық білім алды. Бойжеткен өз өмірін хирургияға арнауға шешім қабылдаса, анасы отбасылық дәрігер атанбақшы. Сонымен қатар, екеуі де бір ауруханада жұмыс істейтін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Бір күнде оқу бітірген анасы мен қызы желіні жарды

Фото: instagram.com/doctor.504

Reddit әлеуметтік желісінің қолданушылары 49 жастағы келіншек пен 26 жастағы арудың бітіру кешінде түскен суреттерін көріп, оларды бір-бірінен айыра алмай қалғанын жарыса жазды.

Расымен де сұлулардың суретіне бір қарағанда олардың қайсысы анасы, қайсысы қызы екенін бірден аңғару қиын.

Екі медициналық қызметкер де әлдеқайда жас көрінеді. Олардың маржандай аппақ тістері, мінсіз бет терісі, сусылдаған шаштары өздеріне еріксіз назар аудартып, көпті тамсандырады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Алайда суреттерде анасы көбінесе сол жақта тұрады. Келіншектің бойы қызына қарағанда қысқа.

Синтия өмір бойы дәрігер болуды армандаған. Алайда 23 жасында жүкті екенін білгенде бар арман-мақсатын кейінге шегеруге мәжбүр болған деп жазады Fox5.

Кейінірек келіншек жай ғана мейірбике болып қызмет етіп, қызын асырапты. Енді медициналық қызметкер көптен аңсаған арманына қол жеткізіп, дәрігер атанды.

Оның қызы Жасмин де анасының ізін жалғап, алдағы уақытта адамдарға көмектесетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, жас қызға ұқсаған 40 жастағы екі баланың анасы сұлулығымен әлем назарына іліккен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ажырату қиын: Бір күнде оқу бітірген анасы мен қызы әлем назарын аударды