RU

Атақты рэпер полиция қолынан қаза тапқан Флойдтың қызына қомақты қаржы аударды

Әйгілі рэпер Канье Уэст полиция қолынан қаза тапқан Джордж Флойдтың туыстары мен зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған басқа да афро-америкалықтарға 2 миллион доллар қайырымдылық жасады. Бұл туралы музыканттың ресми өкілі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Канье Уэст. Фото: instagram.com/explore/tags
Канье Уэст. Фото: instagram.com/explore/tags: Instagram

Атақты өнер иесінің жомарттығы жайлы ABC телеарнасы да арнайы түсірілім жасаған.

Қайырымдылыққа жұмсалған қаражат Флойдтың алты жастағы қызының колледжде білім алуы үшін жаратылады деп жоспарланып отыр.

Одан артылған ақша көмек көрсету ұйымдары мен әртістің туған қаласы Чикагоның меценат кәсіпкерлеріне бөлінбек.

Еске сала кетейік, 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлері афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындаған болатын.

Тұтқындау кезінде полиция қызметкері тізесімен оны мойнынан басып тұрған.

Марқұм айқайлап, тұншығып жатқанын жеткізген. Алайда тәртіп сақшылары бұған назар аудармаған. Кейін Джоржд Флойд жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұл оқиға өз кезегінде қоғамның наразылғын тудырып, Миннеаполисте тәртіпсіздіктер қарқын ала бастады.

Содан кейін АҚШ-тың ондаған қаласында наразылық акциялары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859054-atakty-reper-policia-kolynan-kaza-tapkan-flojdty-kyzyna-komakty-karzy-audardy.html