RU

"Шапалақпен тартып қалдым": Ляйсира Марат күйеуімен соңғы кездесуін есіне алды

Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат жолдасының опасыздығынан кейін, араға төрт жыл салып жан сырын ақтарды. Белгілі кәсіпкер күйеуімен соңғы рет кездесіп, сөйлескен кезін есіне алды. Ол балаларының әкесі алдына келіп, өзгемен көңіл қосу үшін кеткісі келетінін айтқанда оны шапалақпен тартып жібергенін мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Честная жизнь" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Ляйсира Мараттың сөзінше, күллі Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға орын алған күні Тұрсын үйге келіп, оған бар шындықты айтқан.

Алагөзов әуежайдан келген бойда әйеліне ажырасқысы келетінін хабарлапты. Оның үстіне ол шетелдегі демалысы кезінде жалғыз болмағанын жасырмаған.

"Ол сапарға кеткен. Бірнеше күн бойы болмады. Мен оған телефон арқылы өз шешімімді айтып қойғанмын. Маған оның қайда, кіммен қалай жүргені бәрібір болды. Мен оның өзіне де, балаларға да ажырасуға арыз беретінімді хабарладым.
Қайтып келген бойда ол демалыста жалғыз болмағанын айтып, кеткісі келетінін жеткізді. Мен бетінен шапалақпен тартып жібердім. Ол уақытта жұмысқа кетіп бара жатқанмын. Мен оған "киімдеріңді жинап, кете бер" дедім. Бұл соңғы сөйлесуіміз болды. Содан кейін Тұрсын екеуміз сөйлеспедік те" , - деді Ляйсира Марат.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы жұбайы оның опасыздығынан кейін қандай күй кешкенін айтып берген болатын.

Ляйсира Марат Тұрсын Алагөзовпен екі рет ажыраспақ болғанын айтты. Ол сатқындық белгілері бұл оқиғаға дейін де болғанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859062-sapalakpen-tartyp-kaldym-lajsira-marat-zoldasymen-sogy-kezdesuin-esine-aldy.html